Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы:Жастардың өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан діни ағым құрығына оңай түседі

АЛМАТЫ, 26 қыркүйек. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, дінтану магистрі, қалалық ақпараттық түсіндіру тобының сарапшысы Елнар Берікбаев діни экстремизммен күрес жолдары жайлы, конфессияаралық, ұлтаралық келісім,жастар арасындағы патриотизм туралы жазады, деп ҚазАқпарат хабарлайды. 

– Діни экстремизм әдетте таза жеке емес, сепаратизм мен әлеуметтік популизммен байланыса көрініс береді. Сонымен қатар, радикалдардың зайырлы қоғамға деген жеккөрініші тағы бар.

Мұның психологиялық аспектісіне келсек, адамдардың көпшілігі проблемаларының шешімін биліктен күтеді.

Бұлай болмаған жағдайда бұл іске билікті, мемлекетті сынай жөнеледі.

Меніңше, масылдық психология — қоғамның ең басты дерті.

Бұл адамдар өзі үшін ешқашан жауапкершілік алып кете алмайды.

Сол себепті көпшілігі дәрігер мен психологқа бармайды, астролог пен балгерге барады, өз өмірі өзіне емес, басқаларға байланысты деген ойды жағымды көреді.

Қиын қыстау күн туғанда адам өз проблемаларын шеше алмаған кезде әр жерден себеп іздейді. Манипуляцияға берілетін болады. Бұл жерде экстремистік топтардың ықпалына түсіп кету мүмкіндігі жоғары.

Кризис пен әлеуметтік проблема — экстремистер үшін ең қолайлы орта. Әсіресе, ең алдымен олардың құрығына оңай түсетін жастар. Жастарда жастық максимализм көп. Олар оң солды байыптап жатпайды. Олардың өмірлік тәжірибесі өте аз.

Жастар идеалдарды да қазір жанында жүрген адамдардан емес, интернет пен әлеуметтік желіден қалыптастырады. Көрген білгенін ой түюдің орнына кейде жалғыздықтан қашып, әлеуметтік желілерден қолдау іздейді.

Жат ағым өкілдері үшін интернеттің бірнеше тиімді жақтары бар.

Интернетте аудиторияға тез арада жаһандық байланысқа қол жеткізуге болады. Байланыстың арзандығы қолайлы, әрі видео тарату мүмкіндігі экстремистерді қызықтырады.

Дінде мәжбүрлеу жоқ. Бірақ қай заманда да дінді мәжбүрлеп енгізіп, сол үшін соғысып қан төгуге барған оқиғалар көп. Оған тарих куә.

Діни экстремизм әдетте басқа көзқарасты мойындамаудан туады.

Қазір әлемде кез келген мемлекет өз халқын қорғау үшін діни экстремистермен күрес жүргізіп отыр.

Бірақ, діни экстремистердің әрекетін тек репрессивтік тәсілдермен тоқтату мүмкін емес. Ол үшін елде белгілі бір дәрежеде ақпараттық саясат болғаны абзал.

Діни ахуалды тұрақтандыруда, экстремизм идеологиясының алдын алуда бұқаралық ақпарат құралдары көп рөл ойнайды.

БАҚ беттерінде ұлттық құндылықтар, азаматтық позициясы жоғары отбасылардың образын сомдау — профилактиканың ең жақсы түрі болмақ.

Халықтың діни сауатын ашу, білімін тереңдету мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып отыр.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы «Мониторинг және талдау» орталығының үйлестіруімен жүзеге асып жатқан ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі ретінде Алматыда соңғы бірнеше жылда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары өткізіліп келе жатқанын айта аламын. Бұл жұмыстар да оң нәтижесін беріп келеді.

Алайда, қалаға келіп жатқан халықтың санын ескере отырып, қажетті ақпарат тарататын жаңа каналдар ашу керек.

Халықтың ұлттық болмысына, салт дәстүріне құрметін ояту керек.

Біз – прогрессивті, бейбіт халықпыз. Біз өз құндылықтарымызбен мақтана аламыз. Моральдық-рухани байлығымыз тәрбиемізде жатыр. «Үлкенге — құрмет, кішіге – ізет», өзара көмек, отбасылық туыстық қатынастар, қонақжайлылық, төзімділік – ұлттық бірегейлігіміздің көрінісі. Бұл байлығымызды құнттамасақ, жаһандық әлемде жұтылып кетуіміз де ғажап емес.

Адам өзі өзгермей жатып, мемлекеттен бірдеме күту мүмкін емес. Әр адам «мемлекеттен не алам деп емес, не берем» деген түсінікпен өмір сүргені абзал.

Кез келген елде туған балаға патриоттық отансүйгіштік қасиет дариды. Қазақстандық паториотизм конфессияаралық, ұлтаралық келісімсіз мүмкін емес.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *