Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек. ҰҚК терроризмге қарсы штабы бастығының орынбасары Герман Диденко мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен көлік инфрақұрылымы объектілерін лаңкестіктен қалай қорғауға болатынын айтты.Бұл туралы Курсив хабарлайды.


«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру шеңберінде өз көзқарасын білдірді.

«Террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын қолданыстағы талаптар ұйымының салалық ерекшелігін ескермейді. Яғни, қолданыстағы үлгі бойынша қорғауға қойылатын талаптар білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы, отын-энергетикалық кешен нысандарын бірдей қолданылады», – деді ол.

Бірдей талаптар, ал кейде талаптардың артықтығы террористік тұрғыдан осал объектілердің иелері мен меншік иелері тарапынан елеулі қаржылық шығындарға әкеп соғады, бұл ретте қабылданатын шаралардың тиімділігі төмендейді.

«Жаңа тәсіл халықаралық құқық пен ұлттық заңнама нормаларын ескере отырып, объектілерді терактілерден қорғауға сараланған және ұтымды талаптар жасауға мүмкіндік береді. Сондай – ақ, бұл шамадан тыс қаржылық шығындарды алып тастауға ықпал етеді», — деп түйіндеді Диденко….

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *