Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз қаласындағы сайлау учаскесінде жарылыс болды, онда бір адам қаза тапты, Нангархар провинциясының Джелалабад қаласында жарылыстан  бір адам қайтыс болды, төрт адам зардап шекті және Кандагарда  15 адам жараланған, деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ, президенттік сайлау қарсаңында Кандагар провинциясында кем дегенде 31 жарылғыш құрылғы табылып залалсыздандырылды.

«Кеше кешке 31 бомба табылып залалсыздандырылды», — деп мәлімдеді провинция губернаторының өкілі Ахмад Бахир Ахмади.

Ауғанстанда сайлау учаскелері сенбі күні таңертең ашылды. Ауғанстандағы президенттік сайлау «Талибан» радикалды қозғалысы мен АҚШ-тың елдегі бейбітшілік орнату туралы келіссөздері үзіліп кеткеннен кейін шиеленіскен жағдай аясында өтіп жатыр. Ауғанстандағы сайлауға екі апта қалғанда ондаған адам қаза тапқан лаңкестік әрекеттер орын алды. БАҚ мәліметтері бойынша, шабуылға жауапкершілікті тәлібтер өз мойнына алды.

Сайлауға 15 үміткер қатысады, олардың ішінде сарапшылар қазіргі президент Ашраф Гани мен оның 2014 жылғы сайлаудағы бәсекелесі, ал қазір атқарушы билік басшысы Абдулла Абдулланы атап көрсетті. Бастапқыда 18 кандидат болды, кейін үшеуі өз кандидатурасын алып тастады,олардың екеуі қазіргі Президентті қолдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *