Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек.Ауғанстанның арнайы қызметі Президент сайлауы күні «Талибан» радикалды тобының 34 содырын жойып, тағы 18  ұстады, деп хабарлайды Khaama Press агенттігі Ұлттық қауіпсіздік Директоратының баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып.Бұл туралы РИА Новости жазады.

Қауіпсіздік қызметінің мәліметтері бойынша, Кабулда және оның  маңайында 16 операция өткізіліп, сайлауға кедергі көрсетіп, болдырмауын жоспарлаған 14 тәліб ұсталды. Елдің басқа аймақтарындағы операциялар барысында арнайы қызметтер 34 содырды жойып, тағы 4 тәлібті ұстады.

Барлығы елде тәлібтерге қарсы 29 операция өткізілді.

Сайлау «Талибан» радикалды тобының дауыс беруді тоқтату ниеті туралы мәлімдемесі аясында күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтаумен өтті. Алайда, өткен екі аптада болған терактілер сияқты  ірі әрекеттер туралы хабарлама болған жоқ.  Қыркүйек айында ондаған адам бірнеше терактінің құрбандары болды,олар үшін жауапкершілікті «Талибан» өзіне алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *