Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Керчь қаласында болған қанды қырғыннан кейін Қырымда «шутингті» насихаттағандар анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек.Керчь қаласының мектебінде болған қайғылы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары Қырымда осындай «шутингтарды» насихаттаған 1,5 мың интернет пайдаланушыларды анықтады, деп Бас прокуратураға сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Өткен жылдың қазан айының ортасында Керчте төртінші курс студенті Владислав Росляков политехникалық колледжде оқ атып, бомба жарған, нәтижесінде 20 адам қаза болды, тағы 50-ден астамы жарақат алған. Жаппай кісі өлтіргеннен кейін, Росляков өз — өзіне қол жұмсады.

Бұл пайдаланушыларды бұғаттады, ал бұл тәжірибені басқа өңірлерге де таратуға шешім қабылдады.

«Керчтегі қырғыннан кейін біз біріктік… жағдайды терең талдап, Қырым бойынша ауқымды іс-шаралар өткіздік. 300-ден астам тінту, біз зорлық — зомбылықты мектепте насихаттаған 1,5 мың интернет пайдаланушыны жастар ортасында анықтадық», — деп хабарлады РФ Бас прокуратурасының ОФО басқармасының бастығы Константин Сомов Президенттің өкілетті өкілі жанындағы Кеңестің отырысында.

«Табысты жүзеге асырып атырмыз. Биыл Адыгей Республикасында бір жас жігіт теракт жасауды жоспарлаған…, оның  алды алынды», — деді Сомов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *