Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: «Аш-Шабаб» содырлары Сомалиде америкалық әскери базаға шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек. РИА Новости. «Аш-Шабаб» радикалды тобының содырлары Сомалидің оңтүстігінде америкалық әуебазасына шабуыл жасады, деп жергілікті БАҚ  сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды

Goobjoog News басылымының хабарлауынша, бұл шабуыл Төменгі Шабелле өңіріндегі Баледогле (Baledoglе)әуебазасына  жасалды.

Дереккөздердің ақпаратына қарағанда, содырлар лагерьге жарылғыш зат тиелген жүк көліктерімен кірген,бірақ олардың шабуылы 30 минуттан кейін тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Оқиға куәгерінің хабарлауынша осыдан кейін, атыс басталды. Мүмкін болған құрбандар туралы хабарланбайды. Сонымен қатар, Garowe Online басылымы «Аш-Шабаб» содырларының мәлімдемесіне сілтеме жасап, олар шабуылға жауапты екенін атап өтті.

Сондай-ақ басылым куәгерлерге сілтеме жасап, тағы бір шабуыл жасалғанын хабарлайды: елдің астанасы Могадишода әскери академиясы маңында жарылыс болды. Содырлар итальяндық қарауылшы жасақты жоюды көздеген.

Сомалиде орналасқан «Аш-Шабаб» радикалды тобы «Әл-Каида»халықаралық лаңкестік ұйымымен (ҚР-да тыйым салынған) тығыз байланыс бар. Олар орталық үкіметке қарсы қарулы күрес жүргізіп, БҰҰ-ның гуманитарлық қызметіне кедергі келтіреді. АҚШ «Аш-Шабаб»позицияларына үнемі  соққы жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *