Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды

ТАРАЗ, 01 қазан. Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғынынан 8 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көкнар» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түймекент ауылы маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде Байзақ ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Ер адамнан 8 кг 686 грамм «кептірілген марихуана« есірткі заты табылды және тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, Байзақ ауданының уақытша ұстау абақтысына қамалды, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ведомство хабарламасында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *