Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Үндістанда қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды

НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. Үндістанның Питхорагарх қаласына жақын жерде орналасқан әскери палигонда «Қаз-Инд-2019» қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды. Шара қарсаңында Үндістанға Қазақстан Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілер жасағы келді, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Екі апта бойы халықаралық жиынтық бөлімше құрамында 60 қазақстандық әскери қызметші үнді әріптестерімен тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасып, тау жағдайында шартты заңсыз әскери құрылымдарды оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды теорияда жүзінде зерттеп, іс-жүзінде пысықтайтын болады.

Қазіргі таңда оқу-жаттығуға қатысуышалар, құрамында әр мемлекеттен 60 адам болатын қазақстандық және үнділік әскери қызметшілердің жиынтық бөлімшесін құруға кірісіп кетті.

Қазақстанның Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру басқармасы бастығы полковник Марат Әбдіхалықов үнді елінің қонақ жайлылығына алғыс айтып, сонымен қатар терроризмге қарсы күрестің жаңа тәсілдерін зерттеудегі оқу-жаттығу екі елдің әскери қызметшілеріне өлшеусіз пайда әкелетініне сенімділік білдірді.

Үнді Қарулы Күштерінің 111-ші жеке механикаландырылған бригада командирі генерал Мандэл, оның бөлімшесіндегі жауынгерлер бірлескен          оқу-жаттығуларға қатысқанына, жаңа тәжірибе жинап және алмасатынына  қуанышты екенін айтты.

Оқу-жаттығу Қазақстан мен Үндістан Қорғаныс министрліктері арасындағы екі жақты ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Үнді еліне оқу-жаттығу барысын бақылауға Қазақстан Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов келеді деп жоспарланып отыр.

Бұл қазақстандық және үнді әскери қызметшілерінің бірлескен жұмысындағы бірінші кездесу емес екендігін айта кеткен жөн. «Қаз-Инд» алғашқы оқу-жаттығуы 2018 жылы Қазақстандағы гвардиялық гарнизонында өтті. Ол кездері бірлескен тәжірибелік іс-қимылдар барысында заңсыз әскери құрылымдармен күрес жөніндегі әскери іс-әрекеттердің бірыңғай алгоритімі пысықталды. Бірлескен жұмыста екі елдің әскери қызметшілері жақсы тәжірибе жинады.

Өткен жылғы «Қаз-Инд-2018» оқу-жаттығуына Қазақстанның атынан, қазіргі кезде Үндістандағы бірлескен жұмысқа қатысып жатқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері тартылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *