Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК мен ЕҚЫҰ әлеуетін біріктіруді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. «Валдай» пікірталас клубының сессиясы ғаламдық геосаясаттағы Шығыстың рөлі тақырыбына арналды. Азия өңіріндегі жанжалды жағдайларды реттеу шаралары туралы айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-ні форумнан толыққанды ұйымға қайта құруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Еліміздің бітімгершілік мәселесіндегі ұстанымын айта келе, Президент Қазақстанның аймақтық қақтығыстарды реттеуде әділ арағайындықты жақтайтынын айтты. Мемлекет басшысы Таяу Шығыс үшін, оның ішінде, Сирия бойынша Астана процесінде  өміршең шешімдер іздестіруге дайын әрі қолдауға әзір екенін мәлімдеді. Қазақстан соңғы айларда шиеленісіп кеткен Ауғанстандағы жағдайды бақылауда ұстайды және көмектесуді жалғастыра береді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның әрқашан қарусыздану мен сындарлы дипломатияны жақтайтынын атап өтті.

«Қауіпсіздік проблемаларын шешуде ұжымдық көзқарастарды сарапқа салатын алаң екенін дәлелдеген Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес зор рөл атқаруы мүмкін. Осы форумды толыққанды ұйымға айналдыру мәселесін талқылайтын уақыт келді,– деді Тоқаев.

Президент  Батыстың өзара іс-қимылынсыз Шығыста тиімді қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру мүмкін емес деп санайды. Осы орайда, ол Қазақстанның АӨСШК мен ЕҚЫҰ ұйымдарының мүмкіндіктерін біріктіру туралы ұсынысын еске салды.

«Біздің аймақтағы ортақ жұмысымыздың негізгі бағыты терроризм және экстремизммен, ұйымдасқан қылмыспен, заңсыз миграциямен, есірткі тасымалымен күрес болуы ықтимал. Ал адами капиталды дамыту, мемлекеттік басқарудың үздік үлгілерін енгізу, инновациялық мүмкіндіктерді жетілдіру, су ресурстарын тиімді әрі теңдей пайдалану – біздің жасампаздық жолындағы дамуымыздың басты бағдары болуы тиіс,– деді Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *