Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылордада түрмеде жатып, терроризмді насихаттаған екі адам анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА, 07 қазан. Ағымдағы жылдың ақпан айында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыдан діни мазмұндағы қолмен жазылған парақтар тәркіленген болатын.Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Сыр бойы газеті жазады. 

Сонымен қатар, сәуір айында тағы бір сотталушыдан осы тектес парақтар айғақ зат ретінде алынды.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында деструктивті діни ағымын ұстанатын екі сотталушы өз айналасындағы қамаудағы адамдарға терроризмді насихаттағаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, олардың қылмыстары толығымен дәлелденді.

Қызылорда қалалық сотының үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 1 жыл 6 ай және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *