Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысында бес күнде 26 келіден астам марихуана тәркіленді

ТАРАЗ, 08 қазан. Жамбыл облысында есірткі таратуға қарсы жедел алдын алу іс-шаралары кезінде 17 қылмыстық құқық бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бес күндік шара нәтижесінде заңсыз айналымнан 26 килограммнан аса марихуана есірткі заты тәркіленді.

«Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тасөткел ауылынан 2 шақырым жерде меркілік азаматты ұстады. Ұсталған 42 жастағы тұрғыннан салмағы 14 келіге жуық есірткі заты табылды. Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл — іс-шара кезінде анықталған 17 қылмыстық фактінің біреуі ғана»,-дейді аталмыш департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Сондай-ақ, операция барысында қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтау фактілері де әшкере болған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *