Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматылық 200 мұғалім деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша дәріс тыңдады

АЛМАТЫ, 18 қазан.  Алматыда «The best center of all levels» ҚҚ мен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы «Білім беру ұйымдары арасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бойынша жеке және топтық алдын алу іс-шараларын өткізу» жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаның мақсаты – мектеп және колледж ұстаздарына деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру және қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Семинарға 95 білім беру мекемесінің 200-ге жуық қызметкері қатысты. Ұстаздар деструктивті діни ағымның ықпалындағы білім алушыларды дәстүрлі діни бағытқа қайтару, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және рухани мәдениетін насихаттау, жастардың отанына деген патриоттық сезімдерін және білім саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау деңгейін жоғарылату бойынша дәріс тыңдады.

Дәрісті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы, дінтануші Айнұр Дүрбелеңқызы оқыды. Оның айтуынша, мұндай семинар-тренингтер экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және жастарды жат ағымдардан сақтауға өз септігін тигізеді.

«Ұлттық құндылықтарды баланың бойына жастайынан сіңіру қажет. Бұл жерде білім беру мекемелерінің соның ішінде ұстаздардың рөлі зор. Қазір жат ағымдардың өкілдері жастардың санасын улап жатыр. Оған қарсы шығудың бірден бір жолы балалардың бойына рухани мәдениетті барынша қалыптастыру қажет. Бүгін біз осы және өзгеде тақырыптарды ортаға салып талқылап жатырмыз»,- дейді филология ғылымдарының докторы Айнұр Дүрбелеңқызы.

Семинарға жиналғандар діни саладағы мемлекеттік саясаттың рөлі мен радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша өзара пікір алмасты.

Шара соңына семинарға қатысқандарға «The best center of all levels» қоғамдық қорының арнайы сертификаты табысталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *