Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысырдың СІМ басшысы: Ресеймен ынтымақтастық экстремизммен күресуге көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Ресей Африка елдеріне экстремизммен күресте және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көмектесе алады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукри мәлімдеді, деп Islam-today жазады.

«Африканың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, ақпарат алмасу мәселелеріндегі мүмкіндіктерін күшейту қажет. Сонымен қатар, континенттің ішінде ғана емес, халықаралық серіктестермен де, соның ішінде осы лаңкестік ұйымдарды бейтараптандыруға ықпал етуге қабілетті күшті барлау қызметтері бар Ресеймен де», — деп агенттік министр сөзін келтіреді.

Шукридің айтуынша, Африкадағы экстремистік идеологияны ағарту, исламның шынайы құндылықтарын түсіндіру арқылы жоюға болады.

Сонымен қатар, Мысыр СІМ басшысы экстремистік және террористік топтар Африка құрлығына ғана емес, халықаралық қауіпсіздікке, соның ішінде Еуропа мен Ресейге қауіп төндіретінін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *