Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Трамп ИМ жетекшісі Багдадидің Сирияда көзі жойылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан. ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Абу Бакр аль-Багдади Сирияда американың әскерилері жүргізген операция кезінде көз жұмды. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Голос Америки» агенттігіне сілтеме жасап.

«Өткен түні Құрама Штаттар әлемдегі нөмірі бірінші лаңкестік ұйым көсемін әділ жазаға тартты. Операция кезінде бірде-бір америкалық әскери жапа шеккен жоқ», — деп мәлімдеді Трамп.

Сондай-ақ, АҚШ басшысы аль-Багдадидің көптеген жауынгері өлтірілгенін атап өткен.

Трамптың мәлімдеуінше, ДАИШ басшысы «өкіріп-бақырып» жерасты жолымен қашқан. Осылайша ол беліндегі жарылғыш затты іске қосып, үш баланың өмірін жалмай кеткен.

Президент оның ит өліммен өлгенін тілге тиек етті.

Трамп Багдадиге қарсы операцияның өте сәтті өткенін айтады. Өз әскерилерінің кәсіби шеберлігі мен батылдығына ризашылығын білдіре келе ол осы операцияға қол ұшын берген Түркия, Ресей және Ирак елдеріне алғыс айтты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *