Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан. Сириялық Идлиб провинциясында америкалық әскерилерімен жойылған «Ислам мемлекетінің» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  басшысы Әбу Бакр әл-Багдадидің орналасқан жерін анықтауға оның жақын серіктесі көмектесті, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап Islam-today  хабарлайды.

Атап өтілгендей, ирак арнайы қызметтері ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  басшысының негізгі көмекшісі Исмаил әл-Этави ізіне 2018 жылы түсті.

Ол әл-Багдади мен оның жақындары кездесетін жерлер туралы толық ақпаратты ұсынған.

Тек осы жылы ғана АҚШ, Түркия және Ирактың бірлескен барлау операциясы барысында әл-Багдадидің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік туды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп ИМ басшысының жойылуы туралы жариялады.

Оның айтуынша, әл-Багдади Сирияның солтүстік-шығысындағы Идлиб провинциясында арнайы  американдық жасақтардың  әскери операциясы нәтижесінде жойылды.

Сонымен қатар, РФ Қорғаныс министрлігі басты содыр көзінің жойылғанына күмән келтіріп отыр. Ресей Сирияда Америка қызметі үшін әуе кеңістігін ашып берді деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *