Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ІІМ: Есірткі заттарын жарнамалайтын 5 мың сайт бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Жыл басынан бері есірткі заттарын жарнамалайтын 5 мың сайт анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есірткі қылмысына қатысты жаһандық тренд – канабис пен героинді есірткінің синтетикалық түрімен араластыру болып тұр. Есірткіні заманға сай әдістермен тарату қызып тұрғанын айта кету керек. Атап айтқанда, өткізушілер интернет-технологиялардың бүкіл әлеуетін пайдалануда. Сайттар мен әлеуметтік желілер, Инстаграм, Телеграм, Фейсбук, сонымен бірге Ккиви-әмиян, Яндекс олардың құралына айналған. Жыл басынан бері ІІМ 5 мың сайтты анықталып, бұғатталды. Халықтың, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен есірткі сатылатын сайттарға сілтеме жасайтын мыңнан аса графити-сурет жойылды», — деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Департамент бастығының айтуынша, республикадағы есірткіге қатысты ахуалға ауқымды деңгейде Шудағы шикізаттық база әсер етеді.

«Есірткінің елдің аумағындағы таралуына жол бермеу үшін біз жыл сайын «Көкнар» операциясын өткіземіз. Биыл операция барысында 898 есірткіге қатысты қылмыс анықталды. Оның 411-і өткізумен байланысты болса, 156 жағдайы аса ірі көлемде сақтаумен байланысты болған. 17 тонна есірткі түрлері тәркіленді», — деді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *