Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бетперде киген қарулы топ Өзбекстанмен шекарадағы тәжік шекара заставасына шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Бетперде киген қарулы топ Өзбекстанмен шекарадағы тәжік шекара заставасына шабуыл жасады, деп Тәжік телеграф агенттігіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады. 

«2019 жылы 6 қарашаға қараған түні сағат 03:23-те белгісіз 20 адамнан тұратын қарулы топ тәжік-өзбек шекарасындағы «Сұлтанабад» шекара отряды әскери бөлімінің №4 «Ишкабад» шекара заставасына қарулы шабуыл жасаған. Қақтығыс кезінде олар 5 атыс қаруын қолға түсірген (МКМ). Күш құрылымдарының жедел әрекет етуінің арқасында қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, 5-еуі қамауға алынды»,- деп хабарлады ТР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) шекара әскерлерінің баспасөз орталығынан сәрсенбі күні.

Хабарда атап өтілгендей, қарулы қақтығыста бір шекара әскері мен ТР ішкі істер министрлігінің бір қызметкері мерт болған.

«Қазіргі таңда оқиға орнында шұғыл-тергеу тобы құрылған және тергеу жалғасуда», — делінген хабарда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *