Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Деструктивті ағымға тартатын адамның психологиялық портреті қандай

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Экстремистік пиғылдағы топ мүшелерін психологиялық тұрғыдан анықтауға бола ма? Деструктивті діни ағым өкілдерінің адамдарды тұзаққа түсіру жолдары қандай? Осы мәселенің психологиялық аспектілері туралы белгілі психолог, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы Лола Хакимова ҚазАқпарат-қа берген  сұхбатында жауап берді.

 

— Бүгінде бүкіл әлемде белең алып келе жатқан проблемалардың бірі – терроризм және экстремистік ағымдардың пайда болуы. Осындай ағымдардың қарамағына түскен адамдарды бірден анықтауға бола ма? Оның қандай критерийлері бар?

— Бүгінде экстремистік пиғылдағы адамдарды сыртқы келбетінен ажырату оңай емес. Негізінде адам қандай болмасын әлеуметтік топтарға жататынын білдіру үшін, өзінің «менін» сездіру үшін сырт келбетін өзгертетіні рас. Кейде ол протест ретінде көрініс табады. Бірақ, өкінішке орай, Ресейде Норд-Ост театрында болған террористік актіден соң ресейлік психологтар мына мәселеге дабыл қақты. Онда шахидтардың рөлін атқарған әйелдер көбінесе мини белдемше киіп, шаштарын сарыға бояп шыққан. Олардың террористік топқа мүше екенін анықтау өте қиын болды. Сондықтан, қазір көпшілігі өзінің радикалды ұстанымын сыртқы келбетімен жасыратын болды. Бірақ, олармен тілдескенде, сөздеріне анализ жасаған кезде ойларының радикалды бағытта екенін аңғаруға болады. Бұрын ашық, жарқын болған адам кенеттен тұйықтала бастайды. Бұрын араласатын ортасынан шет қалады. Айналысып келген сүйікті ісі де оны қызықтырмайтын болады. Оның идеялық ұстанымы өзгереді. Көп жағдайда осы идеяның негізінде агрессия, қарсылық болады. Кез келген дәстүрлі дінде агрессия жоқ. Олардың барлығы бірлікке шақырады. Адамды дініне, ұлтына, нәсіліне қарап алаламайды.

— Бұл ағымның арбауына түскен адамды райынан қайтаруға бола ма?

— Бұның барлығы адамның өзіне байланысты. Радикалды бағытқа түсерде оның алдында түрлі мотивация болуы мүмкін. Себебі тым көп. Қазір Қазақстанда экстремистік топтардың қатарында болғандарды оңалту орталықтары ашылды. Бұл орталықтарда білікті имамдар, психологтар, дінтанушылар психокоррекциялық жұмыс жасайды. Кейбір адамдарды тура жолға салу тез болса, кейбіріне жылдап уақыт жұмсалады.

— Олар бұл топтардың тұзағына қалай түседі? Қандай психологиялық шабуылдар жасалуы мүмкін?

— Психология бойынша адамдар қоғамға қабылдану үшін, өмірді өзгерту үшін, меркантильді мақсатпен, біреуге бірдеме дәлелдеу үшін топқа біріге бастайды. Бұл, адаммен сөйлесу кезінде анықталады. Көп жағдайда олар өздерінің алданғанын кеш біледі. Адамдар деструктивті ағымның алдауына түскенін ұғынғанда қатты көңілдері қалып, күйзеліске түсуі мүмкін. Тіпті, мұның арты өз-өзіне қол салуға апарады. Мұндай оқиғалар практикада болды. Кей адамдарда қаржылық қиындықтан шығу мақсат болады. Бұл ортада адамдарды махаббатпен бомбалау деген технология қолданылады. Адамға шектен тыс қамқорлық көрсетіп, қал-жағдайын сұрап, барынша махаббатын білдіреді. Қоғамнан аластатылған кейбір қылмыскерлер де осындай тұзаққа түседі. Адам өзін осы ортада ыңғайлы сезіне бастайды.

— Көптеген жастарымыз әлеуметтік желі арқылы экстремистердің қармағына түсіп жатады. Деструктивті ағымға тартатын адамның психологиялық портреті қандай болатынын жастарымызға айтып берсеңіз.

— Ол үнемі мейірімді, қайырымды, қай кезде де көмекке келетін адам. Ол сіз іздеген барлық сауалға жауап береді. Аяқ астынан сізге қамқорлық көрсетіп, жағдайыңызды ойлай бастаған адамнан қауіптену керек.

— Соқыр сенімнің жетегіне ергеннің кесірінен темір тордың ар жағында отырған азаматтарды психологиялық оңалту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

— Бүгінде осы бағытта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Оның ішінде имамдардың, теологтардың, психологтардың коррекциялық жұмыстарын айтып өту керек. Тіпті ол азаматтар түрмеден жазасын өтеп шыққан соң да мемлекеттің бақылауында болады. Арнайы оңалту орталықтары бар. Оларды зайырлы қоғамдық ортаға бейімдеуге болады. Дұрыс пен бұрысты ажырата білу үшін түрлі психологиялық тәсіл қолданылады. Кез келген дәстүрлі дін адамзатты мейірімге, теңдікке шақырады. Оның ішінде ислам діні де «салям» – «бейбітшілік» деген сөзден шыққан.

— 2010 жылдан бері елімізде бірқатар террористік акті болғаны белгілі. Соңғы 3 жылда Қазақстанда діни ахуал біршама тұрақтанғаны рас. Еліміз бұл оқиғалардан қандай тәжірибе алды?

— Иа, ең алдымен, идеологиялық жұмыс дұрыс жолға қойылды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті Қоғамдық даму басқармаларымен, имамдармен, теологтармен, дінтанушылармен және қоғаммен бірігіп, бұл проблемаға тосқауыл қоя бастады. Бәлкім, бұл соның арқасы шығар. 2010 жылдан бері 5 жылда Қазақстанда 14 теракт болған. Оның кесірінен 50 адам жарақат алып, 90 адам көз жұмды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар, террористер, полиция қызметкерлері бар. Иа, Қазақстан терроризм дегенді басынан өткеріп көрді. Бұл, біз үшін тәжірибе болмақ. Бұл құбылысқа дайын болу ешқашан мүмкін емес. — Әңгімеңізге рахмет!

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *