Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстан терроризммен сотталғандарға бөлек түрме салмақшы

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Тәжікстан билігі терроризммен сотталғандар үшін арнайы түрме салмақшы. Бұл жөнінде елде пенитенциарлық жүйені дамытуға арналған конференцияда айтылды, деп centralasian.org жазады. 

Тәжікстанның әділет министрінің орынбасары Мансурджон Умаровтың сөзінше, камералы типтегі түрме салуға дайындық басталып кеткен.

«Мұндай арнайы түрме бүлік шығаруға мүмкіндік бермейді. Оларды жеке-жеке тәрбиелеу жеңіл, себебі олар экстремистік идеяларды насихаттаушы болып табылады. Бұл әрі өзге де жазасын өтеушілердің қауіпсіздігін қорғауға мүмкіндік береді», — дейді Умаров.

Былтыр қараша айында Худжанд колониясында және биыл мамыр айында Вахдат түрмесінде жазасын өтеушілер бүлік шығарған. Екеуінде де жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» тобы мойнына алған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *