Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша.  12 қарашадан Ауғаныстанның әскери күштерінің операциясы басталғалы ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) кем дегенде 900 содыры, шетелдіктерді қоса алғанда, қауіпсіздік күштеріне берілді деп  АфТАГ жазады.

Бұл Ауғанстан Қорғаныс министрлігі  жұма күні «Ислам мемлекетінің» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) 22  содыры Нангархар провинциясының Ачин қаласында ауған әскерлеріне берілгенің мәлімдегеннен кейін орын алды.

Қорғаныс министрлігі бұған дейін соңғы апталарда 600-ден астам ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырлары мен олардың отбасы ауған күштеріне берілгенін хабарлаған.

Нангархар провинциясының Ачин аймағында ауған күштеріне өз еркімен берілгендердің арасында 30 пәкістандық және екі түрік азаматы бар. Содырлар қарудың бірнеше түрін, соның ішінде АК-47, ПКМ, тапаншалар мен оқ-дәрілерді тапсырды. Сондай-ақ, олардың арасында ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) филиалы содырларының отбасы мүшелері — үндістандық он әйел мен балалар болды. Үндістандық әйелдер мен балалар Керала штатынан шыққанын, кейін олар Кабулға жеткізілген.

«Біз оларды бір-бірден бағалаймыз. Толық ақпарат осы процесс аяқталғаннан кейін болады», — деп мәлімдеді шенеунік Hindustan Times газеті ресми тұлға сөзін келтіреді.

Ауғанстанда Ислам мемлекеті құрамындағы содырлардың жалпы саны 1500 адамды құрайтының келтірген.  Негізінде бұлар бұрынғы тәлібтер. «Ислам мемлекеті» Ирак пен Сирияда жеңілгеннен кейін жаңа  қабылданушылар ағыны күрт әлсіреді, соның салдарынан ұйымның қаржылық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеді.

Сонымен бірге, ИМ  филиалының қатарын толықтыруды Ауғанстанның қауіпсіздік күштері мен АҚШ әскери күштерімен болған шайқастардағы шығындар өтейді.

Нангархар провинциясы губернаторының орынбасары Тамим Мохманд содырлар лаңкестікке қарсы жүргізіліп жатқан операциялар кезінде берілді  мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *