Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, «Жусан» операциясы жалғасқанымен, оның атауы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жусан» операциясын жалғастырамыз. Әйтсе де, оның атауы өзгереді. Гуманитарлық операцияның көмегімен Сириядан 595 отандасымыз, оның ішінде 406 бала елге қайтарылды. Репатриация процесі әлі шегіне жеткен жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет емес. Оның 57-сі қылмыстық іске тартылған. Бүгінге дейін 3-9 жыл аралығында 24-і сотталды. 11 қыркүйекте елорданың мамандандырылған аудандық соты терроризмге қатысы бар деп айыпталған 14 адамға үкім шығарды», – деді ҰҚК өкілі елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, террористік әрекетке қатысы жоқ әйелдер мен балаларды оңалту жұмысының арқасында 22 әйел зайырлы өмір салтын ұстанып, 33 әйел дәстүрлі исламға қайтқан.

«Келесі гуманитарлық операция «Жусан» деп аталмауы мүмкін. Репатриация жұмыстары жалғасып, елге қайтарылатын азаматтардың саны артады», – деі ол.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *