Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иракта жүздеген адамның мәйіті бар бауырластар зираты табылды

НҰР-СҰЛТАН,  16 желтоқсан.  Ирактың құқық қорғау органдары 643 мәйіт бар зираттың табылғанын мәлімдеді, деп Кurdistan24 сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.

Журналистердің айтуынша, бұл зират елдің  астанасы Бағдадтың солтүстігінде табылды. Қаза тапқандар 2016 жылы жойылған әл-Мұхамда тайпасынан екендігі айтылған.

Бүкіл тайпаның жойылуы «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) содырларының мойнында қалады. Террористер бауырластар зираты табылған аймақта  2016 жылға дейін орныққан.

Еске салсақ, ИМ (ҚР тыйым салынған ұйым) содырлары 2014 жылы Ирак пен Сириядағы кең аумақтарды басып алған болатын. Бүгінгі таңда топтың әрекеті едәуір қысқарды, дегенмен бұл елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *