Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Есірткіні интернет арқылы сататындарға қатысты жаза қатайтылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Интернет арқылы есірткі тарататындарға қатысты жаза күшейтілмек. Яғни 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын аса ауыр қылмыс санатына ауыстырылады. Бұл туралы Сенат отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп 24.kz хабарлайды.

Сенатта қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қарастырылды. Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, қылмыстық заңнама бойынша бұған дейін есірткіні тарату, орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатқызылып келген. Мемлекет басшысының сын-ескертпесінен кейін заңнамаға өзгерістер енгнізілу көзделіп отыр. Сонымен қатаркөлікпен адам қаққан жүргізушіге қатысты да заң аяушылық танытпайды.

«Бүгінгі таңда мас күйінде болсын, сау күйінде болсын мысалы адамды басып мерт қылса 5 жыл бас бостандығынан айыру көзделген қазргі заң бойынша. Ал енді жаңа құрам кіргізіліп отыр ол жерде ол тек мас күйінде болса 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Адам өлсе жүргізушілік куәлгінен өмірбақи айыру көзделген», — деді  ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *