Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қылмыстық топтар Батыс Еуропаға есірткі жеткізудің жаңа жолдарын іздеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Қылмыстық топтар Батыс Еуропаға есірткі жеткізудің жаңа жолдарын іздеп жатыр, деп Қырғызстан Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша қызмет басшысы Олег Запольский мәлімдеді, деп жазады 24. kz. 

Алайда, бұл жолдарды тауып, қылмыскерлерді ұстау үшін Орталық Азияның арнайы қызметтері бірлесіп жұмыс істеуі қажет.

Осыдан бірнеше жыл бұрын апиыннан жасалған есірткі Ауғанстаннан Батыс Еуропаға Пәкістан, Түркия және Балкан түбегіндегі елдер арқылы тасымалданатын. Алайда, тәртіп сақшылары бұл бағдарда бақылауды күшейткеннен кейін халықаралық қылмыстық топтар жаңа жолдарды іздеуге кірісті.

«Қарашада Қазақстандағы әріптестеріміз Ираннан келген халық тұтынатын тауарлар арасында героинның үлкен мөлшерін тәркілеген болатын. Яғни, есірткі тасымалының жолдары өзгеріп тұр. Қылмыстық топтар есірткі жеткізудің жаңа амалдарын іздеп жатыр. Осындай жаңа бағдардың бірі – Ираннан Каспий теңізі арқылы Өзбекстан, Түркия және Қырғыз республикасы аумағымен өтеді», — деп мәлімдеді Қырғызстан Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша қызмет басшысы Олег Запольский.

Сондай-ақ Орталық Азияның күштік құрылымдары халықаралық лаңкестік мен діни экстремизмге қарсы бірлесіп қимыл етеді. Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір жылда елде осындай сипаттағы 80 сайт пен әлеуметтік желілердегі 22 аккаунт анықталған.

«Осындай шаралар аясында экстремизмге қатысы бар тұлғалардың шекара асуы бойынша үнемі ақпарат алмасып тұрамыз. Сондай-ақ, экстремисттік және террорлық деп танылған деректер мен ұйымдар туралы мәліметпен алмасамыз», — деді Қырғызстан Ішкі істер министрлігі экстремизмге қарсы әрекет ету қызметінің басшысы Асылбек Мамбетов.

Халықаралық лаңкестік және діни экстремизммен күресте аймақтық өзара әрекет ету туралы келісім өткен жылы Қырғыз Республикасының бастамасымен қабылданған болатын. Биыл тамыз айында Алматыда күштік құрылымдар жетекшілерінің екінші кеңесі өтті. Бұл басқосуда бірлескен қимылдардың нақты жоспары қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *