Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СКО террористік шабуыл тұрғысынан осал 600-дей нысан бар

ПЕТРОПАВЛ, 24 желтоқсан.  Солтүстік Қазақстан облысында террористік шабуылға қорғанысы осал объектілер тексеріліп, оның қорытындысы бойынша 156 ұйғарым берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде террористік шабуыл тұрғысынан осал 600-дей нысан бар. Жыл басынан олардың 506-сы тексерілді. Заңнаманы тиісті деңгейде орындамаған 24 объектінің жетекшісі әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төледі.

«Террористік тұрғыдан осал объектілердің қатарында халық көп жиналатын, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық және қауіпті өндірістік нысандар бар. Бұл объектілердің жетекшілері заңнамаға сәйкес, соның ішінде техникалық регламенттелген құралдар арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етулері керек. Халық көп шоғырланған нысандар бейнебақылау жүйесі арқылы қадағаланып, жазбасы ең кемінде 30 тәулік сақталуы тиіс. Бұдан басқа төтенше жағдай туғанда хабардар ететін шұғыл құлақтаныру жүйесі, күзеттік жарықтандыру және өрт-күзет дабылқаққышы болуы қажет», — дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы әрекет басқармасы бастығының орынбасары Спартак Қабденов.

Оның сөзіне қарағанда, тағы бір басты талаптардың бірі — күзетілетін нысандарда қатаң рұқсатнамалық тәртіпті сақтау. Стратегиялық, аса маңызды және қауіпті өндірістік нысандардың инженерлік-техникалық бекіністеріне қосымша талаптар қойылады. Мұндай нысандардың басшылары өздеріне бекітілген нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын қаржы бөліп отыруы керек.

Тексерістің қорытындысы бойынша, ғимараттардың жеткіліксіз деңгейде техникалық құралдармен жарақтандырылуы, персоналмен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулардың өткізілмеуі – жиі кездесетін олқылықтар есебінде. Облыста терроризмге қарсы заңнаманы тиісті деңгейде орындамағандарға жыл басынан 156 ұйғарым берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *