Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ дипломаты Вашингтонның Орталық Азиямен әріптестік орнатуға бейіл екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 09 қаңтар. АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі экономикалық мүмкіндіктерге жол ашу үшін және аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында Орталық Азия елдерін әріптестікті дамытуға шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Элис Уэллс 7 қаңтарда Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұхбатында Вашингтон «С5 + 1» форматы аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен әріптестікті жалғастыруға бейіл деді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Вашингтонның Орталық Азия елдерімен әріптестік орнату бойынша зор мүмкіндік барын айтқан дипломат 2016 жылы билік ауысқаннан кейін Өзбекстанмен әріптестік орнатуға көбірек мүмкіндік пайда болғанын да атап өтті.

Орталық Азия елдерінің шетелдік террористік топтар құрамында болған азаматтарын қайтаруға күш салып отырғанын айтқан Элис Уэллс тараптар терроризммен күрес сияқты мәселелерді талқылай алады деді.

Элис Уэллс Душанбеге 6 қаңтарда барған. Бір ай бұрын Вашингтон Орталық Азия елдерімен екіжақты қарым-қатынасты жандандырды деп мәлімдеген.

Қытайдың Орталық Азияда экономикалық және саяси ықпалы артқан тұста АҚШ Орталық Азия мемлекеттерімен дипломатиялық қатынасты дамытуға мән беріп отыр. АҚШ-тың Орталық Азияға назар аударуы сонымен бірге Вашингтонның Ауғанстаннан әскер әкету талпынысымен де байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *