Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде терроризмді насихаттаған үш жігіт сот алдына келді

АҚТӨБЕ, 15 қаңтар. Ақтөбелік жұмыссыз үш жігіт моншада отырып лаңкестікке үгіттеген, — деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Моншаға жуынуға келген жұртты лаңкестікке үгіттеген. Жат ағымның жетегінде кеткен ақтөбелік үш жігіт осы әрекеті үшін енді сот алдында жауап беріп жатыр.

Айыпталушы орындығында отырғандардың үлкені — Бағдат Бисенбаев. Жасы 47-де. Жанына ерткен 27 жастағы серігі Әділжан Дәулетов екеуі сот басталған бойда-ақ кінәларын мойындаған. Ал үшінші сотталушы Ерсайын Құлымтай адвокатымен ұзақ кеңесуден соң ғана прокурорларға процессуалдық келісімге келуге өтініш білдірді. Бірақ құқық қорғаушылардың оны құптап- құптамасы белгісіз.

Үшеуі насихат айтуға қолайлы жер ретінде моншаны таңдаған. Буға түсіп, жуынуға келгендерді радикалды ойларымен елітпек болыпты. Тіпті лаңкестікке шақырған. Бұлардың қауіпті ойын сонда барғандардың бірі таспаға түсіріп, құзырлы органдарға хабарлаған.

Сотталушының үшеуі де жұмыссыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *