Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Буркина-Фасодағы лаңкестік шабуылдан отыз алты адам қаза тапты

НУР-СУЛТАН, 22 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан кем дегенде 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды  РИА Новости  үкіметтің коммюникесіне сілтеме жасап.

«20 қаңтар дүйсенбі күні, қарулы террористер тобы Награого базарына шабуылдады. Сол жерде 32 отандастарымызды өлтіріп, базарды өртеп, шегініп бара жатқан кезінде Аламу ауылының маңында тағы төрт адамды өлтірді. Сонымен қатар, шабуыл нәтижесінде үш адам жарақат алды», — делінген коммюникеде.

Үкімет қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір ұйым мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *