Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстан тыйым салынған ұйымдар, сайттар және кітаптар тізімін жаңартты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитеті ел аумағында таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы материалдар тізімін жаңартты, деп centralasian.org хабарлайды.

Құжат 2019 жылы 25 желтоқсанда бекітілген.

«Хизб ут-Тахрир», «Нурджулар» қозғалысы, «Акрамиттер қоғамы», «Нурсафардийя қозғалысы», «Катиба Таухид валь-Жихад», «Жабхат ан-нусра», «Таблигии жамаат» және басқа да ұйымдар мен топтарға тыйым салынған.

Өзбек диссидент-жазушы Нурилло Отахановтың «Бу кунлар» кітабы, имам Фазлиддин Парпиевтің президент Шавкат Мирзияевқа арнаған видеоүндеуі де тыйым салынған материалдар санатына енген. Парпиев 2018 жылы Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болған.

Бұған қоса тізімде Швециядан саяси баспана алған имам Мұхаммадасолих Абутов, имам Рашод Камалов, имам Обидхон-кори Назаров, имам Абдували Мирзаев бар. Мирзаев 1994 жылы Ташкент әуежайында жоғалып кеткен еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *