Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтауға синтетикалық есірткі әкелген екі қыз ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Маңғыстау облысында екі апталық жедел әзірлеме нәтижесінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласы аумағына мефедрон синтетикалық есірткісін жеткізу арнасына тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметіне cілтеме жасап baq.kz.

Ақтау қаласына аталған есірткіні жеткізу туралы мәлімет алынғаннан кейін жалға алынған пәтерде қолдарында жалпы салмағы 96 грамм есірткі партиясы бар Қазақстаннның екі әйел азаматы ұсталды. Жауап алу барысында қыздар есірткі өткізу нарығын зерделеу және көтереме сауда үшін сатып алушылар іздестіру үшін Ақтау қаласына келгені анықталды. Бұдан кейін жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде сол жалдамалы пәтерде тағы екі «гастролер» ұсталды. Олар мефедрон тағы бір партиясын өткізу үшін Ақтау қаласына келген. Олардан 392 грамм синтетикалық есірткі алынды, – делінген хабарламада.

Бұл адамдар әрі қарай көтерме сауда жасау үшін Ақтауға мефедрон тасымалын қолға алуды жоспарлаған.

Ұсталғандарға қатысты қылымыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау тасымалдау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өткізу» сотқа дейінгі өндіріс басталды. Жаза мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *