Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда «Ағайынды мұсылмандар» ұйымына қатысты 113 күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Тәжікстанда 113 азамат «Ихван-ул муслимин» («Ағайынды мұсылмандар») ұйымына мүше деген күдікпен ұсталды. Елде тыйым салынған ұйым мүшелерін ұстау биыл жыл басында басталды, деп centralasian.org хабарлайды. 

Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 28 қаңтарда Душанбеде өткен баспасөз конференциясында «ағайынды мұсылмандар» ұсталғанын растады. «Ұйымның мүшесі деген күдікпен 113 адам ұсталды. Олардың ішінде 20 мұғалім, бір шенеунік бар» деді ол.

Юсуф Рахмон күдіктілердің арасында Тәжікстан президент аппаратының бір қызметкері бар деген мәліметті жоққа шығарды. «Ағайынды мұсылмандар» Тәжікстанда мемлекеттік билікті құлатуды көздеген» деп мәлімдеді Тәжікстанның бас прокуроры.

Қамаудағы күдіктілерді туыстарымен кездестірмей отыр. Тәжікстандағы адам құқықтарын қорғаушылар бұл жағдайға алаңдайды. Өткен жылы халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Тәжікстан билігін дін еркіндігін шектегені үшін сынаған еді.

Тәжікстанның Жоғарғы соты «Ағайынды мұсылмандар» ұйымын 2006 жылы тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *