Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» идеясын қолдаған ер адам Қазақстанда ұсталды

ТҮРКІСТАН, 29 қаңтар. Түркістан облысы Келес ауылының тұрғыны лаңкестікке ашық үндеген. Оны Ұлттық қауіпсіздік департаментіның қызметкерлері қолға түсірді, — деп хабарлайды tengrinews.kz КТК  арнасына сілтеме жасап. 

56 жастағы Нұриддин Ахраров көшеде кетіп бара жатқан жерінде ұсталған. Салафизмді ашық үгіттеп жүрген азамат тыйым салынған «Өзбекстанның ислам қозғалысы» идеясын қолдап, тіпті мешіттерде имамдармен салғыласып жүрген көрінеді.

Оның үйін тінту кезінде радикал өзбек уағызшысы Абдуали қоридің 8 кітабы табылған. Өзі де жиһадқа дайындалып жүрген азамат лаңкестікті насихаттағаны үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ер адамның төрт баласы мен жары бар, қазір олармен теологтар жұмыс істеп жатыр. Ұсталған азамат өзінің салафит екенін жасырмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *