Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. АҚШ қарулы күштері Аль-Каида террористік тобының Йемендегі мүшелеріне шабуыл жасады. Шабуылдың мақсаты — террористік топ басшыларының бірі Касим аль-Раймиді өлтіру болатын. Бұл туралы 31 қаңтарда CNN телекомпаниясы америкалық әкімшіліктегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп baq.kz жазады. 

The New York Times таратқан хабарламаға қарағанда, АҚШ-тың ресми тұлғалары аль-Райми Йемендегі әуе соққылары кезінде қайтыс болды.

Басылымға сұхбат берген тұлғаның айтуынша, барлау қызметі оның қайда орналасқанын бірнеше айдан бері бақылап келді. Орталық барлау басқармасы 2019 жылдың қарашасында Йемендегі өкілінен керек мәліметті алған.

Кейін аль-Раймиді ұшқышсыз ұшақтың көмегімен іздеді. АҚШ Йемен территориясына қаңтарда соққы жасады.

АҚШ-тың ресми тұлғалары терроршының қайтыс болғаны туралы қосымша расталған ақпарат алғаннан кейін мәлімдеме жасайды.

Йеменде «аль-Райми АҚШ-тың осы елдегі елшісін өлтіргісі келген» деген айыппен сотталып, түрмеге қамалған болатын. Алайда, ол түрмеден қашып шыққан.
Америкалық тараптың деректеріне қарағанда, оның үш терактіге қатысы бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *