Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тараз қаласының тұрғыны есірткіні жарнамалайтын граффити салған

ТАРАЗ, 05 ақпан. Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні жарнамалаған күдіктіні ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Cинтетикалық есірткіні сататын адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Жамбыл облысында есірткі қылмысының алдын-алу бөлімінің қызметкерлері үйлердің қабырғалары мен қоршауларына синтетикалық есірткілерді насихаттайтын граффити жазбаларын салған Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Ол өзінің бұл қылмысқа қатысы бар екендігін мойындады. Осылайша оған Қылмыстық жауапкершілік тағайындалды. Күдіктіге кодекстің 299-1 б.1 Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау және насихаттау  бойынша жааупкершілік жүктеледі. Қылмыстық кодекстегі өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *