Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оралда колледж студенті синтетикалық есірткі мен гашиш сатып келген

ОРАЛ, 06 ақпан. Орал қаласында есірткілік заттарды сақтады деген күдікпен колледж студенті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Оның тұрғылықты жерін тінту барысында бөлшектеп салынған «Альфа ПВП» синтетикалық есірткі заты және гашиш табылды. Одан есірткі заттарынан бөлек, бірнеше ұялы телефон, банктік карталар, электронды таразы және буып-түюге арналған материалдар алынды», — деді министрліктен.

Тергеу барысында белгілі болғанындай Оралдың 19 жастағы тұрғыны танымал мессенджер арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған. Сатуға арналған есірткіні интернет арқылы тапсырыс беріп, оны жүзбе-жүз кездесуді қажет етпейтін жолмен алып отырған. Содан кейін есірткіні өз пәтерінде бөліп, буып, белгілі бір жерге жасырып кету арқылы таратқан.

Күдіктінің телефонынан есірткі жасырылған барлық мекенжайлар, геобелгілер және фотолар алынды. Соңғы екі айда Орал және Ақтөбе қалаларында барлығы 50-ге жуық жасырылған орын анықталған.

«ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (есірткі заттарды, психотропты заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта есірткіні белгілі бір орынға жасырып кету функциясын жүзеге асырған тұлғаларды анықтау, дәлелдемелік базаны бекіту және ҚР ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі бойынша (есірткіні электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы өткізу) жаңа айып тағу үшін тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», — деді ведомстводан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *