Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ әскері Йеменде «Әл-Қаида» жетекшілерінің бірін өлтірді

НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп 6 ақпанда АҚШ әскері «Арабия түбегіндегі Әл-Қаида» экстремистік тобының жетекшісі Касим әл-Раймиді өлтірді деп мәлімдеді. Президенттің айтуынша, содырлар жетекшісі Йеменде терроризмге қарсы операция барысында өлтірілген, деп centralasian.org хабарлайды. 

«Енді бұдан былай қарай осы аймақта ошақтары бар «Әл-Қаида» террористік тобы әлсірейді» деді Трамп 6 ақпанда таратқан мәлімдемесінде. Ол Раймидің нақты қашан өлтірілгенін айтқан жоқ.

«Арабия түбегіндегі Әл-Қаида» тобы Раймидің жетекшілік етуімен бейбіт йемендіктерге адам айтқысыз қатыгездік көрсетті және АҚШ әскеріне көп шабуыл жасауға тырысты» деді Трамп.

2015 жылы америкалық әскери ұшқышсыз аппараттың шабуылынан «Арабия түбегіндегі Әл-Қаида» тобының сол кездегі командирі Насир әл-Вухайши қаза тапқан. Кейінірек оның орнын Райми басты. Топ жетекшісі ретінде тағайындалған Райми АҚШ-қа шабуыл жасауға шақырды.

«Америкалықтар, арамыздағы адамдарды неғұрлым көбірек өлтірген сайын соғұрлым екпінімізді күшейтеміз. Егер бір топ жетекшісі өлсе, оның орнына басқа біреу келеді» деді Райми сол кезде таратқан аудиожазбада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *