Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түлкібас ауданыңда есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

ТҮРКІСТАН, 11 ақпан. Түлкібас АПБ-ге аудан тұрғыны есірткі заттарын өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша СДТБТ-ға тіркелді, деп otyrar.kz хабарлайды. 

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі сатқан күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Ұсталған ер адамды тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Ұсталған ер азаматтан айғақты зат ретінде жалпы салмағы 30 грамм марихуана салынған қағаз орама алынды. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын сақтау және өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден, соның ішінде есірткі қолданудан бас тартуға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *