Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ХҚО-да жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген өскемендік сотталды

ӨСКЕМЕН, 14 ақпан. Өскемен қалалық №2 соты полиция қызметкерлеріне Халыққа қызмет көрсету орталығында жарылғыш зат бар деп жалған хабарлама жасаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың 30 мамырында 102 каналына қоңырау шалған 39 жастағы қала тұрғыны Қазақстан көшесі 159/4 мекенжайында орналасқан ХҚКО-ға жарылғыш зат қойылғандығы туралы айтқан. Алайда бұл жалған хабарлама болып шықты. Осының салдарынан мемлекетке 75 439 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсіріп, тергеу амалдарын бастайды. Кейіннен оның ісі сотқа жеткен.

«Айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығы шектелді», – деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *