Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Лавров: Сирия бойынша Астана процесі ең тиімді алаң

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Сирия мәселесі бойынша Астана процесі ең тиімді алаң болып тұр. Бұл туралы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференцияның аясындағы сессия жұмысына қатысушылар Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынас туралы сұрады.

Өз кезегінде С. Лавров екі арасындағы қатыныстар өте жақсы деңгейде екенін атап өтті.

Бұдан кейін ол Сириядағы қақтығыстардың туындауы мен осы дағдарысты шешудің мән-жайына жеке тоқталды.

«Бұл күрделі мәселенің түйінін шешуде Астана процесінің орны ерекше. Осы орайда өзінің елордасында қолайлы алаңды ұсынғаны үшін Қазақстанға шынайы алғысымызды айтамыз. Астана процесі жұмысын жақсы бастады, сондай-ақ қазіргі уақытта да ең тиімді алаң болып тұр», — деді Сергей Лавров Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 56-шы отырысында.

Сонымен қатар, Ресейдің Сыртқы істер министрі Астана процесі Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын ілгерілетуде БҰҰ-ға қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сирия бойынша Астана процесінің 15-раунды 2020 жылдың наурызында өтеді. Бұл жайында Астана процесінің кепілгер елдері Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Еске сала кетейік, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер әлем көшбасшыларын БҰҰ-ның беделін нығайту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *