Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ІІМ: Тәжікстанда былтыр тыйым салынған ұйымдардың 160 мүшесі ұсталған

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Тәжікстан ішкі істер министрінің хабарлауынша, өткен жылы ел аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың 162 мүшесі ұсталды, деп centralasian.org хабарлайды. 

Олардың дені «Ислам мемлекеті», «Салафия» діни ағымы, Тәжікстан ислам өркендеу партиясына мүше болған деді Рамазон Рахимзода Душанбеде өткен баспасөз конференциясында.

Террористік және экстремистік ұйымдардың 50-ден астам мүшесі шетелде ұсталған делінеді.

Рамазон Рахимзоданың айтуынша, басқа елде қарулы әрекеттерге қатысқан 248 тәжік азаматы елге өз еркімен оралған.

Тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясы «партия белсенділерінің ұсталғаны туралы мәлімет жоқ екенін, өйткені билік олардың аты-жөнін атамағанын» хабарлады.

Тәжікстан билігінің мәліметі боынша, шетелде қарулы әрекеттер кезінде мыңнан астам тәжікстандық қаза тапты. Қазір 5 мыңнан астам тәжік азаматы іздеуде жүр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *