Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қостанайлық полицейлер есірткі сақтаған адамды ұстады

ҚОСТАНАЙ, 18 ақпан. Қостанайда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері героин сақтаған 51 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдікті Қостанай қаласындағы Дзержинский көшесіндегі үйінен қолға түсті. Ол бұған дейін де қылмыстық іске тартылған.

«Полицейлер үйі ішіндегі пластик құтыдан 77,44 грамм героин тәркіледі. Бұл аса ірі мөлшердегі есірткі заты саналады. Күдікті есірткіні полимер түйіндісіне ораған», — деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *