Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иран полициясы аймақтағы әріптестеріне есірткі трафигі туралы дабыл қақты

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Соңғы бір жылда Иранда бір мың тонна есірткі тәркіленді. Басым бөлігі Ауғанстан және Пәкістанмен іргелес елдің оңтүстік-шығыс аумағынан табылды. Иран полициясы есірткі тарататын қылмыстық синдикаттарға жалғыз өзі төтеп беруі жылдан жылға қиындап баратынын алға тартып, дабыл қағып отыр, деп 24.kz хабарлайды.

Иран Түркияға, ал одан кейін Еуропаға есірткі жеткізудің ең қысқа жолы ретінде бұрыннан қолданылып келеді. Соңғы 10 айда полиция 800 тонна есірткі тәркіледі. Бұл өткен жылғы мөлшермен салыстырғанда 17 пайызға артық.  Иран үкіметі шекараларын бекітуге жүздеген миллион доллар жұмсап келеді.

«Бүгінде әлемдік деңгейде әрекет ететін есірткі синдикатына төтеп беру қиындап кетті. Санкциялар кедергі келтіріп жүр, Еуропа бұл күресті Иранмен бірлесіп жүргізуі керек. БҰҰ Иран мен көрші елдерді тартып, есірткімен күрес бойынша конференциялар ұйымдастырып келеді. Санкцияларға байланысты өзге елдер Иранмен бұл істе тиісті деңгейде ынтымақтаспайды», — деді  экономист Марьям Шокрани.

Өткен жылы Иранның күштік құрылымдары есірткіге қарсы екі мыңнан аса операция өткізген болатын. Бүгінде 2 мың шақырымға жалғасқан мемлекеттік шекара барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Алайда екі жылдан кейін оны қайтадан жаңғырту қажет. Өйткені қылмыс әлемінің өкілдерінен айла артылмайды, олар да есірткі жеткізудің жаңа әдістерін ойлап табады.

«БҰҰ әлемдегі нашаның 75 пайызы, морфиндердің 61 пайызы және героинның 71 пайызы Иран шекарасы арқылы өтетінін хабарлады. Иран және оған көрші елдердің есірткімен күреске шығындарын өтеу туралы БҰҰ-ымен келісімі бар. Бірақ ұйым оны орындамай отыр, сондықтан Иран қолдан келгенше шекараны өз күшімен қорғап келеді», — деп мәлімдеді  саяси талдаушы Мехран Наваи.

Әзірше есірткі тасымалы мәселесін шешуге тек Қытай ғана ниет білдірген. Наурыз айында қос тарап өкілдері кездесіп, Тегеранға бұл тұста қандай көмек  керектігін жан-жақты талқыламақ. Бейжіңнің шешіміне жақында Қытайда болған оқиға түрткі болды. Дәлірек айтқанда жергілікті мектептерде героин сатылмақ болыпты. Полиция бұл есірткі Ауғанстаннан жеткізілгенін анықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *