Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда терроризмге қарсы тәжік-өзбек оқу-жаттығулары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Тәжікстанның Хатлон әскери гарнизонының құрамына кіретін барлық күш құрылымдары бүгін таңғы сағат 6-да қауіп-қатер дабылы бойынша көтерілді, деп  ТаджикТА хабарлайды.

«Хатлон облысының барлық қалалары мен аудандарында орналасқан Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің және басқа да құқық қорғау органдарының сарбаздары мен офицерлері, тәжік армиясының резервисттері оқу-жаттығулар өтетін  Хуросон облысындағы «Фахрабад» әскери полигонына  келуде», — деді республиканың Қорғаныс Министрлігінің баспасөз орталығының жетекшісі Ориф Нозимиён.

Хуросон әскери комиссариатының жанынан оқу-жаттығуларды басқаруға арналған жедел штаб құрылды. Оқу-жаттығулар аясында аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және ұлттық армияның резервистерін жұмылдыру пысықталады. Оқу-жаттығулар 14 наурызға дейін жалғасады.

Төрт күндік ауқымды тәжік-өзбек терроризмге қарсы оқу-жаттығулары бүгін «Фахрабад» полигонында басталады .

Өзбек тарапынан  оқу-жаттығуларға Қорғаныс министрлігінің арнайы күштері қатысады.

Оқу-жаттығуларда авиация, бронетранспортерлер, артиллерия және атыс қаруы қолданылады.

Екі мемлекеттің сарбаздары мен офицерлері Тәжікстан мен Өзбекстанға Ауғанстаннан террористердің кіру қаупі туындаған жағдайда бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды.

Терроризмге қарсы бірлескен тәжік-өзбек жаттығулары 14 наурызда аяқталады. Оларды Тәжікстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзо басқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *