Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РӘБ-ның 201-ші жауынгерлері Тәжікстанның таулы аймақтарында оқу-жаттығулар өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз.  Ресейдің 201-ші әскери базасының зеңбірекшілері жаттығу аясында Тәжікстан тауларындағы жасырылған нысандарды «Соболятник» жерүсті жортуыл радиолокациялық станциясының көмегімен жойды, деп  Орталық әскери округінің баспасөз орталығына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды.

Оқу-жаттығуларға артиллерия мен барлау бөлімшелерінің 500-ге жуық әскерилері мен 100-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысты.

«Самбули таулы полигонында әскери қызметкерлер 20 шақырымға дейінгі үлкен және кіші нысандарды анықтау үшін портативті радиолокациялық станцияларды пайдаланып, аймақты шолып шықты. Шартты жаудың минометтік топтарының атыс позицияларын анықтай отырып, барлаушылар нысана координаттарын артиллериялық командалық пунктке тапсырды », — делінген хабарламада.

Дөңді жерлердегі нысандарды жою үшін өздігінен жүретін «Гвоздика» және «Акация» гаубицалары қолданылды. Зеңбірекшілер стационарлық нысандарға жеке және топтық шабуылдарды орындады. Жауынгерлік атыс кезінде тауларда орналасқан 100-ден астам нысаналар жойылды.

Сонымен қатар, радиолокациялық станциясының  операторлары бір уақытта шартты дұшпанның 10-нан астам нысанын, оның ішінде төмен ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын бақылау бойынша тапсырмаларды пысықтады.

Тәжікстанда орналасқан 201-ші әскери база — Ресейдің шекарасынан тысқары орналасқан ірі әскери нысан, екі қалада — Душанбе мен Бохтарда орналысқан.  2012 жылдың қазан айында екі елдің президенттері қол қойған келісімге сәйкес, құрама  2042 жылға дейін Тәжікстанда қалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *