Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерде  «Боко Харамның» кем дегенде 50 содыры жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз. Нигердің оңтүстік шығысында армия күштері мен «Боко Харам» лаңкестік ұйымы мүшелері арасында шыққан қақтығыста 50 содыр өлтірілді, деп TRT хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемесінде «Боко Харам» мүшелерінің кеше түнгі уақытта Диффа аймағына қарасты Томмоур қаласы маңындағы әскери учаскеге ауыр қарумен жабдықталған көліктермен шабуылдағаны атап көрсетілді.

Әскерлердің шабуылды тойтарғаны және 50 содырды залалсыздандырғаны хабарланған мәлімдемеде шабуылдың артынан арнайы жасақтардың аймақта «Боко Харамға» бағытталған ауқымды бір операция бастағаны білдірілді.

Мәлімдемеде әскерлердің екі лаңкесті ұстап, көптеген оқ-дәрі қолға түсіргені де орын алды.

«Боко Харам» мүшелері өткен апта ауыр қарулармен жабдықталған 20 көлікпен аталмыш аймақтағы Четима Вонгоу (Chetima Wongou) әскери бекетіне шабуылдаған, шабуылда 8 әскер қаза тауып, 3 әскер жарақат алған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *