Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанға 1 келіден астам гашиш алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

ТҮРКІСТАН, 18 наурыз. Жүк автокөлігінің жүргізушісі Өзбекстанға есірткі затын алып өтпек болған кезінде ұсталды,  деп Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Turkistan Media   хабарлайды. 
Қазақстан азаматы есірткі заттарын Өзбекстанға «Қапланбек» кеден бекеті арқылы өткізбек болған.
Департамент қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара өкілдерімен бірлесе тексеру барысында 1966 жылы туылған Қазақстан азаматын ұстады. Заңсыз зат қызметтік иттің көмегімен табылған.
Жалпы салмағы 1,1949 келі гашиш пакеттерінде жасырылған орамасын алып жүрмек болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Материалдар Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *