Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дағыстан тұрғыны терроризм үшін 12 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз. Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік аудандық әскери соты терроризм және Сирия аумағында заңсыз қарулы топқа қатысы бар деген айыппен Дағыстан тұрғыны Бийсолтан Джамаловты 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

» Сот үкімімен Джамалов кінәлі деп танылып, оған қатаң режимдегі түзеу колониясында 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сот 2016 жылдың күзінде Сирия аумағында ер адам Ресейде тыйым салынған «Джебхат ан-Нусра» қарулы құрылымының құрамына кіргенін анықтады . 2017 жылдың басынан бастап Джамалов «Джебхат ан-Нусра» ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «Джейш Аль-Мухаджирин ва Әл-Ансар» заңсыз қарулы тобының құрамында автомат және тапаншамен қаруланған, оқ-дәрілер жиынтығымен бірнеше рет жауынгерлік кезекшілікке түсіп Идлиб қаласының маңында және Латакия провинциясында орналасқан осы ұйымдардың бақылауындағы жерлерді күзеткен.

Ер адам 2019 жылдың сәуір айында қамауға алынды, ол өз кінәсін толық мойындады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *