Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейде бір тәулік ішінде жеті ұшақ «миналанған»

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз. Ресейде ұшақтарды  «миналау» толқыны жалғасуда, деп шұғыл қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Елордалық әуежайға ұшақты «миналау» туралы жетінші хабар келіп түсті . Дереккөздің хабарлауынша, бұл тәулік ішінде «миналанған» борттардың рекордтық саны .

«Домодедово әуежайының электрондық поштасына Мәскеу-Сочи рейсінің «миналануы»  туралы жасырын хабарлама келіп түсті. Қазір ол тағайындалған әуежайға қонуға дайындалуда», — деді агенттіктің өкілі .

Ұшақ бортында 179 адам, оның ішінде үш бала және 8 экипаж мүшесі бар.

Бейсенбі күні Шереметьево әуежайына Қазан-Мәскеу, Уфа-Мәскеу рейстерімен жүретін ұшақтарда жарылыс қаупі туралы жасырын хабарлама келген. Бұған дейін Домодедово әуежайына да осындай хабарлама түскен, белгісіз біреулер Санкт-Петербор — Мәскеу, Мәскеу — Уфа және Новосібір — Мәскеу рейстерінің «миналануы» туралы хабарлады. Сонымен қатар, Мәскеу-Пермь ұшағына қатысты тағы бір хабарлама болды.

Дереккөздің айтуынша, Мәскеуге Санкт-Петербордан, Қазаннан және Уфадан, сондай-ақ Мәскеуден Пермьге ұшатын ұшақтар қалыпты жағдайда қонды. Бортта күдікті заттар табылған жоқ.

Әуе кемелер бортындағы жарылыс қаупі туралы хабарламалар 3 наурызда басталды, осы уақытта 30 рейс «миналанған». Барлық қауіптер жалған болды. «Миналанған» борттар саны бойынша рекордтық көрсеткіш 17 наурызда болды, бір уақытта алты рейс тексерілген.

Белгісіз біреулер  биткоиндарды бопсалап, ұшақтарды, сот ғимараттарын, дүкендерді, әуежайларды, әуекомпанияларды»миналауды » жалғастырамыз деп қорқытып, жасырын хабарламаларды таратады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *