Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Зерендіде ауруханаға «бомба қойған» 30 жастағы күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ, 22 наурыз. Ақмола облысында террористік акті туралы жалған ақпарат берген 30 жастағы күдікті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай , 21 наурыз сағат 18:15-де Ақмола облысының Зеренді аудандық ауруханасына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген адамға іздеу жарияланған болатын.

Іздеу жұмыстарына ПД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың, аудан прокуратурасының қызметкерлері, жедел тергеу тобы және өзге қызметтер тартылды.

«Арада төрт сағат салып тәртіп сақшылары Зеренді ауданының 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ол 2-ші топтағы мүгедек және «параноидалды шизофрения» диагнозымен есепте тұрған. Ол 2011 жылдың қазан айында терроризм туралы жалған ақпарат бергені үшін істі болған» дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, шара қолдану мәселесі анықталуда.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *