Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Башкортостанда лаңкестік әрекетті жоспарлаған содыр жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз. Арнайы қызмет қызметкерлері Башкортостанның Уфа қаласының маңында шабуыл жасауды жоспарлаған содырды жойды. Бұл туралы Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің ақпараттық орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің хабарлауынша, 21 наурыз күні кешке Уфа қаласының маңында қарулы бандит отырған көлікті тоқтатуға әрекет жасалған. Қылмыскер оқ жаудыра бастады, кейін бейтараптандырылды.

Қолда бар деректер бойынша, бейтараптандырылған бандит террористік шабуыл жасамақ болған. Оның көлігінен тапанша мен қолдануға дайын қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылды .

Ұлттық терроризмге қарсы комитетінің хабарлауынша,  бейбіт тұрғындар арасында және  құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ.

Башқортостанның тергеу органдары шабуылды дайындаған содырды жою операциясынан кейін қылмыстық іс қозғады, деп журналистерге РФ ТК Тергеу басқармасының БАҚ байланыстар бастығының аға көмекшісі Евгений Каневский хабарлады.

«Уфа қаласының тұрғынына РФ ҚК 317-бабы («Құқық қорғау органының қызметкерінің өміріне қастандық жасау»),  222-бабының 1-бөлігі («Қаруды заңсыз сақтау») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды», — деді ол.

Тергеушілер куәгерлерден жауап алып жатыр. Қылмыстық істің  тергеу барысын республиканың тергеу бөлімінің бастығы жеке бақылауына алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *